Қазақстанда қоғамдық бірлестік құру жеңілдейді

0
351

Мәжіліс депутаттары заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.


Қазақстанда қоғамдық бірлестік құру жеңілдейді

ERNUR.KZ. Қоғамдық ұйымды тіркеу үшін бастамашыл азаматтардың саны 3 адамға дейін қысқартылады. Мәжіліс кейбір заңнамалық актілерге қоғамдық бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп жазады Sputnik Қазақстан.

Заң жобасы азаматтық қоғамды одан әрі дамыту және жаңа қоғамдық бірлестіктер құру тәртібін оңайлату мақсатында әзірленген.

"Бұл өзгерістердің ең басты жаңалығы – ендігі жерде қоғамдық ұйымды тіркеу үшін бастамашыл азаматтардың санын 3 есе, яғни 10 адамнан 3 адамға дейін қысқарту болмақ. Дегенмен, қоғамдық ұйымдарға қатысты мұндай еркіндік әлемнің озық тәжірибесіне сүйеніп жасалғанын ерекше атап өту керек. Біз Бельгия, Чехия, Литва елдерінде бар жүйеге жүгініп, бастамашыл 3 адамдық принципті қабылдап отырмыз", - деді мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мәжілістің жалпы отырысында.

Министр бұл қадам еліміздің халықаралық беделін бекіте түсетініне сенімді.
Айтуынша, заң жобасы елімізде соңғы кезде құрылған жаңа өңірлер туралы заңнамалық өзгерістерді ескере отырып, коммерциялық емес ұйымдар туралы қолданыстағы заңның нормаларын қайталамайды.
Мәжіліс депутаттары заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.