Қазақстанда қант тапшылығы жоқ – сауда министрлігі

0
735

Ведомство "үш айдан кейін қор таусылады, қант тапшылығы болады" деген ақпарат шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.


Қазақстанда қант тапшылығы жоқ – сауда министрлігі

ERNUR.KZ. Сауда және интеграция министрлігі елде қант жеткілікті екенін мәлімдеп, халықтан дүрлікпеуді сұрады, деп жазады sputnik.kz.

"Бүгінгі күні елде қант тапшылығы жоқ. Сауда желілері мен тұрақтандыру қорларында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарының қоры кемі үш айға жетеді. Сонымен қатар қант өндірісі жалғасып жатыр, тоқтамайды! Қор толтырылып отырады. Яғни "үш айдан кейін қор таусылады, қант тапшылығы болады" деген ақпарат шындыққа жанаспайды", - деп мәлімдеді сауда және интеграция министрлігінің ресми өкілі Әлішер Өмірзақ.
Сондай-ақ елдегі қант өндірісінен бөлек, өзге елдерден импорттау мүмкіндігі бар. Осыған байланысты министрлік қазақстандықтарды дүрлікпеуге шақырды.
Бұған дейін қазақстандықтар жаппай қант сатып алып жатқаны хабарланған еді.
Қазақстанның көптеген қаласында қант ең көп сұранысқа ие өнімге айналды. Бағасы да шарықтап кеткен. Сатушылар бір адамға сатылатын тауар көлеміне шектеу енгізе бастады.