Қазақстанда енді мектептерге ескертусіз тексеру жүргізіледі

0
195

Заң шеңберінде жоспардан тыс тексеру жүргізу тәртібі өзгерді.


Қазақстанда енді мектептерге ескертусіз тексеру жүргізіледі

ERNUR.KZ. Биыл сәуірде әйелдер мен балалардың құқығын қорғап, қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін заңға қол қойылды. Осыған орай оқу-ағарту министрлігі енді еліміздегі мектептерді алдын ала ескертусіз тексеруге болатынын мәлімдеді, деп жазады stan.kz.

Заң шеңберінде жоспардан тыс тексеру жүргізу тәртібі өзгерді. Енді еліміздің білім беру ұйымдарында жоспардан тыс тексерулерді субъектіні алдын ала хабардар етпей және тексеру тағайындау туралы актіні тіркеусіз жүргізуге болады. Бұл норма балалардың құқығы бұзылған жағдайда тексеріске дайындалуға мүмкіндік бермейді, – деп мәлімдеді министрлік.

Министрліктің дерегіне сүйенсек, балалардың құқығын қорғау комитеті білім беру ұйымдарына тұрақты негізде тексеріс жүргізеді.

"Мысалы, жақында Ақтөбе облысында 2 мектептің 1-4 сынып оқушыларын және халықтың әлеуметтік осал топтарының отбасыларынан шыққан балаларды тегін тамақпен қамтамасыз етуде заң бұзылғаны анықталды. Талапты орындамаған лауазымды тұлғаларға тәртіптік шаралар қабылданды. Бүгінде бұл заң бұзушылықтар жойылды", – деді ведомство.

Еске салайық, Петропавлдағы №25 мектепте жанжал шығып, кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қызметтік этика мен заңнаманы бұзған психолог жұмыстан босатылып, оған қатысты үкім шыққаны туралы жаздық. Солтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы психолог пен оқушы қыздың арасындағы байланысты растады.