Қазақстанда дәрі-дәрмек қымбаттауы мүмкін

0
730

Бұл туралы 2 тамызда Астанада өткен қоғамдық тыңдауларда айтылды.


Қазақстанда дәрі-дәрмек қымбаттауы мүмкін

ERNUR.KZ. "СК-Фармация" ЖШС дәрі-дәрмектерге үстеме бағаны өзгертуді ұсынды, деп жазады ulysmedia.kz.

Бұл туралы 2 тамызда Астанада өткен қоғамдық тыңдауларда айтылды.

Қазіргі уақытта ЖШС 3-тен 7 пайызға дейінгі үстеменің бірнеше деңгейін қолданады. Компания бұл пайыздарды көбейтуге ниетті.

"Біздің шығындарымыз дәрі-дәрмектерді сатып алумен шектелмейді. Оларды жеткізу мәселесі тағы бар. Дәрілерді сақтау, тасымалдау, барлық елді мекендерге, соның ішінде шалғайдағы елді мекендерге жеткізу – біздің негізгі шығынымыз", – дейді ЖШС баспасөз хатшысы Әйгерім Смайылова.

Ол сондай-ақ компания маңызды аурулар бойынша дәрі-дәрмектердің азаймайтын қорын құру қажет екенін айтты.

"Егер қандай да бір болжанбаған немесе төтенше жағдай орын алса, онда бұл азаймайтын қор іс жүзінде қауіпсіздікті қамтамасыз етеді",-деп түсіндірді ол.

Сонымен қатар, ЖШС үстеме бағаның өсуі дәріханалардағы бағаларға әсер етпейтініне сендіріп отыр. Жүктеме өндірушіге немесе дистрибьюторға түсуі мүмкін.

Бүгінгі таңда денсаулық сақтау министрлігінің үстеме бағаны көтеру туралы бұйрығының жобасы бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне жіберілген.