Қазақстан Украина университеттерінде оқитын 200 үнділік студентті қабылдауға дайын

0
521

Студенттерді қазақстандық жоғары оқу орындарына ауыстыратын болса, олар ақылы негізде оқитын болады.


Қазақстан Украина университеттерінде оқитын 200 үнділік студентті қабылдауға дайын

ERNUR.KZ. Украинаның медициналық университеттерінде оқитын 20 мыңнан астам үндістандық студент білімсіз қалды, Қазақстан олардың 200-ге жуығын қабылдай алады, деп жазады inbusiness.kz.

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният.

"Үндістан үкіметі бізбен ресми түрде хабарласты. Кеше Үндістанның сыртқы істер министрі біздің елге келді. Украинада 20 мыңнан астам үндістандық студенттер білімсіз қалды, біз қалай көмекте аламыз деген сұрақ толғандырды. Негізінде, біздің медициналық университеттер көмектесуге дайын, 200-ге жуық студентті қабылдай алады", - деді денсаулық сақтау министрі Үкімет отырысында.

Студенттерді қазақстандық жоғары оқу орындарына ауыстыратын болса, олар ақылы негізде оқитын болады. Мүмкіндігінше оларға жатақхана беріледі. Жалпы еліміздің медициналық жоғары оқу орындарында студенттердің жалпы санының 20 пайызы шетелдіктер.

Бір күн бұрын ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Үндістанның Сыртқы істер және мәдениет министрі Минакши Лекхимен кездесті. Тараптар Украинаның медициналық университеттерінің үнділік студенттерін Қазақстанға көшіру мүмкіндігін талқылаған болатын.