Қазақстан шетелден жүк тасымалдаушыларға ескерту жасады

0
516

Жүктерді үшінші елден шамадан тыс жүктемемен тасымалдау кезінде шетелдік тасымалдаушылар тарапынан шарттар жүйелі әрі жиі бұзылуда.


Қазақстан шетелден жүк тасымалдаушыларға ескерту жасады

ERNUR.KZ. Қазақстан аумағына Еуропадан тіркемелі жолмен әрі шамадан тыс жүктемемен тасымалданатын жүктерді жеткізу кезінде шетелдік тасымалдаушыларда тиісті үлгідегі екі рұқсат бланкісі болуы керек, деп жазады ulysmedia.kz.

Ресей және Беларусь жүк тасымалдаушыларына Еуропалық Одақ тарапынан енгізілген санкциялық шектеулерге байланысты бүгінде кәрі құрлық елдерінен Қазақстанға тасымалданатын жүктердің басым бөлігі шамадан тыс жүктемемен Беларустың шекаралық аймақтарында орналасқан терминалдар арқылы жүзеге асырылуда.

Осыған орай, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары мен ішкі заңнамасына орай аталған жолмен жүк тасымалын жүзеге асыру барысында шетелдік тасымалдаушыда өзімен бірге тиісті үлгідегі екі рұқсат бланкісі болуы керек. Бірінші бланкіні тасымалдаушыға шекаралық терминалға дейін жүк жіберген тарап береді. Ал екінші рұқсат бланкісі тіркемелі жолмен енгізілген жүктерді терминалда тиелген кезде беріледі. Ол рұқсаттама құжаты тиісті жүк Қазақстан аумағына енгенше жарамды болып табылады.

Жүктерді үшінші елден шамадан тыс жүктемемен тасымалдау кезінде шетелдік тасымалдаушылар тарапынан шарттар жүйелі әрі жиі бұзылуда. Осыған сәйкес, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі ҚР Сыртқы істер министрлігімен бірлесіп қызығушылық танытқан құзырлы органдар мен шетелдік ұйымдарға тиісті хабарлама жіберді.

Үшінші елдерден шамадан тыс жүктемемен әкелінетін тауарларға рұқсаттама беру жүйесін қолдану ережесі мен оны тасымалдаушыларды қадағалауы туралы ескертпелер ЕО, ЕЭО, ТМД елдері мен Украина және Грузияға жолданды.