Қазақстан құрамасы дүниежүзілік олимпиадада тусыз шықты

0
610

186 мемлекеттің 185-і жалауын желбіретіп өткен.


Қазақстан құрамасы дүниежүзілік олимпиадада тусыз шықты

ERNUR.KZ. Бұл туралы шахматшы Бибісара Асаубаеваның анасы Лиана Таңжарықова жазды, деп жазады inbusiness.kz.

Оның жазуынша, Ченнайда қырық төртінші Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты өтті. 186 елден келген 1736 шахматшы мықтыларды анықтау үшін осында жиналды.

"Шахматтың отаны Үндістан биыл алғаш рет Олимпиада өткізуде. Әсемдік, ауқым – барлық жағынан таң қалдыруға тырысып жатыр. Көріністі сөзбен айтып жеткізу өте қиын. Үздік үнді фильмдерінің ән, биімен, жарқын түстерімен тамаша қылып, Болливуд жұлдыздарын жинаған", - деп суреттейді ол салтанатты іс-шараны. Айтуынша, 186 мемлекеттің 185-і жалауын желбіретіп өткен.

"Неге 186 ел бола тұра ту саны 185 деп сұрайтын шығарсыз? Себебі ұйымдастыруға жауапты Қазақстандық шахмат федерациясы ұлттық құрамаға қамқорлық жасамады, қамқорлық жасауды қажет деп санамады, ұмытып кетті, 20 мың теңгені аяды. Салдарынан Қазақстан құрамасы шеруде тусыз өтті. Ұят! Мүмкін Хусаинов-Сәдуақасов мырзалар ту деген маңызды мемлекеттік рәміз екенін білмейтін шығар? Бұған Қазақстан шахмат федерациясы жауап беруге тиіс", - дейді Таңжарықова.