Қазақстан "Балалар Евровидениесінде" 15-орын алды

0
530

Жарыстың гранд-финалы 11 желтоқсанда Ереван қаласында өтті. Давид Чарлин байқауда "Жер-Ана" әнін ағылшын және қазақ тілдерінде орындады.


Қазақстан

ERNUR.KZ. 12 жасар алматылық әнші Давид Чарлин халықаралық Junior Eurovision 2022 байқауында 15-орын алды, деп жазады stan.kz.

Жарыстың гранд-финалы 11 желтоқсанда Ереван қаласында өтті. Давид Чарлин байқауда "Жер-Ана" әнін ағылшын және қазақ тілдерінде орындады.

Ұлттық төрешілердің және онлайн дауыс беру нәтижесінде отандасымыз 47 дауыс жинады. Осылайша 16 қатысушы елдің ішінде 15-орынды иеленді. Дауыс беруге барлығы 178 ел қатысқан.

"Балалар Евровидениесінде" Oh Maman әнін орындаған Франция қатысушысы жеңді. Ол 203 дауыс жинаған. Екінші орынды Армения қатысушысы (180 дауыс), үшінші орынды Грузия қатысушысы (161 дауыс) иеленді.