Қазақстан азаматтарының атына 61 ұшақ пен 58 яхта тіркелген

0
670

Елімізде Салық кодексінде қымбат жылжымайтын мүлік ұғымы қарастырылмаған.


Қазақстан азаматтарының атына 61 ұшақ пен 58 яхта тіркелген

ERNUR.KZ. Қазақстан азаматтарының атына 61 ұшақ пен 58 яхта тіркелген, деп жазады ҚазАқпарат.

«Азаматтарға әуе кемелерін, яхталарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру мәселесі Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің құзыретіне жатады. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің ақпараттарына сәкес, 2022 жылы Қазақстан Республикасының азаматтарына 61 азаматтық әуе кемесі және 58 яхта тіркелген», - деп атап өтеді Мемлекеттік кірістер комитеті агенттік тілшісінің ресми сауалына берген жауабында.

Комитет мәліметінше, елімізді Салық кодексінде қымбат жылжымайтын мүлік ұғымы қарастырылмаған.

«Яғни қымбат жылжымайтын мүліктерді айқындау өлшемшарттары жоқ. Осыған орай, Қазақстан Республикасының азаматтарының атында қанша қымбат жылжымайтын мүлік бар екендігі туралы ақпарат мемлекеттік кірістер органдарында жоқ», - деді ведомстводан.