Қазақ ұлттық аграрлық университетінің профессоры із-түссіз жоғалып кетті

0
1 492

Ағыбай Смағұлов бір ай бұрын 17 тамыздан бастап жоғалып кеткен


Қазақ ұлттық аграрлық университетінің профессоры із-түссіз жоғалып кетті

фото:sn.kz

ERNUR.KZ. Профессордың із-түссіз жоғалып кетуі туралы қоғам белсендісі Ислам Угушев желідегі парақшасына жариялады деп жазады sn.kz.

Қазақ ұлттық аграрлық университетінің профессоры Ағыбай Смағұлов бір ай бұрын 17 тамыздан бастап жоғалып кеткен. Пчеловодная көшесінде орналасқан үйінен шыққан ол Алматы облысы, Қарасай ауданына қарай бет алыпты. Содан кейін үйге оралмаған және ешкіммен хабарласпаған.

«Ағыбай Смағұловтың із-түссіз жоғалып кетуі туралы мәліметті барлық қазақстандықтар өз желідегі парақшасында бөліссе деймін. Қандай да бір мәлімет болса, мына +7 747 788 68 74 – Асқар Мұратұлы, +7 707 252 61 00 – Қоғамдық қауіпсіздік кеңесі нөмірлеріне хабарласуларыңызды сұраймыз», – деп жазды Ислам Угушев өз желідегі парақшасында.