Қаза болғандар бар: Алматыда автобус аялдамада тұрған бір топ адамды қағып кетті

0
2 856

Бақылаудан шығып кеткен автобус аялдамада тұрған адамдарды қағып, төрт көлікпен соқтығысқан.


Қаза болғандар бар: Алматыда автобус аялдамада тұрған бір топ адамды қағып кетті

ERNUR.KZ. Алматыда жантүршігерлік оқиға болды. Автобус жүргізушісі аялдамада үш адамды қағып өлтірді, деп жазады sputnik.kz.

Қайғылы оқиға 22 желтоқсанда сағат 18:15-те болған.
"47-бағыттағы қоғамдық көліктің жолаушысы жанжал шығарып, жүргізуші әйелді басынан ұрған. Салдарынан автобус жүргізушісі есін жоғалтып, көлікті басқара алмай қалған. Бақылаудан шығып кеткен қоғамдық көлік аялдамада тұрған адамдарды қағып, төрт көлікпен соқтығысты. Оқиға салдарынан үш адам қаза тауып, тағы 4 адам дене жарақатын алды", - деп хабарлады ведомство.
Жарақат алғандар ауруханаға жеткізілген.
Қоғамдық көлік жүргізушісін ұрған ер адам ұсталып, ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі "Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.