Каспий теңізінде жоғалған үш қыз тікұшақпен іздестіріліп жатыр

0
527

Іздестіру жұмыстарына Қазавиақұтқару тікұшағы тартылды.


Каспий теңізінде жоғалған үш қыз тікұшақпен іздестіріліп жатыр

ERNUR.KZ. Қыздар Ақтау қаласынан 51 шақырым жерде үрлемелі матрацты пайдаланып, ашық теңізге түскен, деп жазады baq.kz.

Ақтау қаласынан 51 шақырым жерде ТЖД, ҰҚК ШҚ, ПД күштерімен үрлемелі матраста ашық теңізге кеткен үш қызды іздестіру жұмыстары жүргізілуде. Іздестіру жұмыстарына Қазавиақұтқару тікұшағы тартылды. Іздеу жұмыстарының нәтижелері қосымша хабарланады,- деп жазылған хабарламада.