Қаржы министрі жалақысы қанша екенін айтты

0
370

Мәди Такиев бұрынғы үкімет отставкаға кеткеннен кейін биылғы 6 ақпанында Ерұлан Жамаубаевтың орнына қаржы министрі болып тағайындалған болатын.


Қаржы министрі жалақысы қанша екенін айтты

ERNUR.KZ. Жуырда ғана қызметіне кіріскен қаржы министрі Мәди Такиев жалақысын жариялады, деп жазады tengrinews.kz.

Оның айтуынша, ол Қаржы министрлігінің басшысы ретінде "миллион теңгеден аса" алады.

"Мен жалақымның қанша екенін білдім. Бізде барлық мемлекеттік қызметкерлер үшін бірыңғай сетка бар. Сондықтан мен осы сетка бойынша жалақы аламын. Сіздің сұрағыңыз бойынша, 1 миллион теңгеден асады, шамамен 1,5 миллион теңге аламын. Мұнда менің еңбек өтілім ескеріледі", - деді Мәди Такиев Мәжілістің жалпы отырысынан соң.

Еске салайық, Мәди Такиев бұрынғы үкімет отставкаға кеткеннен кейін биылғы 6 ақпанында Ерұлан Жамаубаевтың орнына қаржы министрі болып тағайындалған болатын.