​Қарт ата-ана қай жағдайда балаларын алимент төлеуге міндеттей алады?

0
4 309

Жұмыс беруші зейнетақы қорына қосымша 5% салым түсіріп отыруға міндеттелмек.


​Қарт ата-ана қай жағдайда балаларын алимент төлеуге міндеттей алады?

сурет:voxpopuli.kz

ERNUR.KZ. Алиментті біздің қоғам балаға төлейтін қаражат ретінде қабылдайды, деп жазады «Хабар 24».

Бірақ қауқарсыз қарт ата-аналар өз балаларынан да алимент өндіре алады. Егер балалары өз еркімен ата-аналарына алимент төлемесе, оларды сотқа сүйреуге құқылы. Қараусыз қалған қария бір емес, бірнеше баласына алимент төлете алады.

Ата-ана құқығынан айырылған қарт кісілер алимент талап ете алмайды. Қарияларды қараусыз қалдырған балалары екі жағдайда алимент төлеуге міндеттеледі. Біріншісі, ата-анасы еңбекке қабілетсіз және көмекке мұқтаж болса. Ол үшін ата-анасы өзінің көмекке мұқтаждығын растауы тиіс. Оған дәлел ретінде зейнетақы куәлігі мен еңбекке қабілетсіздігін растайтын анықтама көрсетіледі. Мамандар бұл жағдайда өз перзентінен ақша өндіріп алуына көп уақыт кетеді деп отыр. Егер қарт адам өздігінен құжат жинауға қауқарсыз болса, жеке агенттіктердің көмегіне жүгіне алады. Мұндай компаниялар өтінішті онлайн түрде рәсімдейді. Қызмет құны ақылы. Шамамен 15 мың теңгеге жуықтайды. Компания клиентінің атынан жұмыс жүргізуі үшін нотариустан әкелінген сенімхат керек. Бұл да ақылы. Мұндай жағдайда, алимент көлемі екі тараптың да материалдық жағдайына байланысты. Егер баланың тұрақты жұмысы, үйі болмаса, кәмелеттік жасқа толмаған балалары болса, соттан істі қайта қарауды сұрай алады. Содан кейін сот ай сайын төленетін алимент көлемін анықтайды. Бұдан бөлек, қос тарап келісімге келіп, ай сайын берілетін қаржы көлемін анықтай алады.


2020 жылдан бастап зейнетақы салымына түсетін қаржы көлемі артады

2020 жылдан бастап зейнетақы салымына түсетін қаржы көлемі артады. Яғни жұмыс беруші зейнетақы қорына қосымша 5% салым түсіріп отыруға міндеттелмек. Нәтижесінде, тұрғындардың жалпы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы шотына түсетін салым 15%-ға теңеседі. Бүгінде Қазақстанда 2 млн-нан астам адам зейнетақы алады. Оның ең төменгі мөлшері 28 мың теңге болса, ең жоғарғысы 80 мың теңге шамасында.

2020 жылдан бастап, зейнетақыны қайта құрылымдау жүйесін енгіземіз. Яғни осы кезеңнен бастап, жұмыс беруші еңбеккерлері үшін қосымша 5 пайыз зейнетақы қорына аударуы міндеттеледі. Бүгінде жалақының 10 пайызы ғана қорға төленеді. Бірақ енді ынтымақты зейнетақы жүйесіне мемлекет, жұмысшы және жұмыс беруші де жауапты болуға тиіс.


Салық төлеушілердің өсімпұлы 7,5 млрд теңгеге жетті

Салық төлеушілердің өсімпұлы 7,5 млрд теңгеге жетті. 2018 жылдың 31 желтоқсанына дейін көлік салығын төлеу қажет. Айтпақшы салық төлеушілер салықтарының төленген, төленбегеніне қатысты мәліметті мемлекеттік кірістер комитетінің интернет ресурсы мен «Электронды үкімет» порталынан онлайн-режимде біле алады. Бұл үшін салық төлеуші жоғарыдағы сайттарға жеке сәйкестендіру нөмірін енгізуі тиіс. Кейін салық берешегінің бар-жоғы анықталады. Мемлекетке салық төлеуден жалтарып жүргендер саны бүгінде миллионға жуықтайды. Мәселен, Алматы облысында 212 мыңнан астам жеке тұлға Түркістан облысында 137 мың тұрғын, Алматыда 127 мың адам, сондай-ақ 120 мыңнан астам жамбылдық мемлекетке берешектер тізіміне енген. Жеке тұлғалардың көлік салығы 20 млрд теңгеге жуықтайды. Бұл салық берешегінің жалпы соммасының 75 пайызын құрап отыр. Соңғы мәлімет бойынша 842 мыңнан астам тұрғын көлік салығын төлемеген. Қазақстан қор биржасындағы мәліметтерге назар аударайық. Еліміздегі ақша айырбастау бекеттерінде бір долллар 364 теңгеге саудаланып жатыр.