Кәріз суы Ертіске құйылған: ШҚО экологтері өзен суынан сынама алды

0
890

Қазіргі уақытта тиісті зерттеулер жүргізіліп жатыр.


Кәріз суы Ертіске құйылған: ШҚО экологтері өзен суынан сынама алды

ERNUR.KZ. Өскемен қаласында кәріз суының Ертіске құйылуына байланысты экологиялық тексеру жүргізілуде, деп жазады inform.kz.

Таяуда әлеуметтік желіде Өскемендегі пантон көпірінің астындағы кәріз коллекторында апат шыққаны жайлы видео тараған еді.

ШҚО Экология департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, ақпарат түсе салысымен экологтер сол жерге барған.

«Департамент қызметкерлері өзен суынан сынама алды. Қазіргі уақытта тиісті зерттеулер жүргізіліп жатыр. Нәтижесі кейін хабарланады», - делінген ақпаратта.

Бұл кәріз коллекторы «Өскемен су арнасы» КМК балансында. Қазіргі уақытта ақау шыққан бөлік жөнделген.

Еске салсақ, осыған дейін Өскемендегі «Riviera Residence» тұрғын үй кешеніндегі кәріз желісінің жұмыс істемеуі салдарынан жерге аққан кәріз суының сол маңдағы бау-бақша қоғамдастығының аумағы арқылы өтіп, Ертіс өзеніне құйылғанын хабарлаған едік.