Карантин кезінде еліміздегі ЛГБТ қауымдастығына мүше жасөспірімдер саны артты

0
661

ЛГБТ ресми қауымдастық болғанмен, оған жасөспірімдерді тартуға құқылары жоқ.


Карантин кезінде еліміздегі ЛГБТ қауымдастығына мүше жасөспірімдер саны артты

ERNUR.KZ. ЛГБТ ресми қауымдастық болғанмен, оған жасөспірімдерді тартуға құқылары жоқ. Бұл туралы Орталық коммуникациялар орталығында «Өзіңді және жақындарыңызды буллинг және кибербуллингтен қалай қорғауға болады» тақырыбында өткен брифингте айтылды, деп жазады ҚазАқпарат.

«Біз 2011 жылы әр интернет қолданушы анонимді түрде хабарлама жаза алатын веб-сайт аштық. Біз хабарламаларды оқығаннан кейін тиісті шаралар қолданамыз. Кибербуллинг деген нәрсені 2011 жылдан бері білеміз», - дейді «Қазақстанның интернет қауымдастығы» ЗТБ президенті Шавкат Сабиров.

Оның айтуынша, аталған веб-сайтқа 2011-2019 жыл аралығында 19045 хабарлама келген.

«Осыншама хабарлама нәтижесінде сараптама, қорытынды жасауға болады. Коронавирус індеті, карантин жағдайында еліміздегі барлық тұрғын, соның ішінде жасөспірімдермен қоса онлайн желіде отырды. Әлеуметтік желі әңгімелесу құралы ғана емес, ол адамға қауіп төндіруі де мүмкін. Мысалы, алаяқтық, кибербулинг», - дейді ол.

Шавкат Сабиров коронавирус індеті өршіп тұрған кезде ата-аналар тарапынан көп арыз-шағым жазылғаны туралы айтты.

«Бастапқыда балалар әлеуметтік желі арқылы бір-бірімен әзілдессе, ары қарай ол бір-бірін ызаландыруға ұласады. Ең соңында экран артында отырған адам қылмыскер болып шықса, ол баланы бопсалауға кіріседі. Карантин кезінде еліміздегі жасөспірімдер ЛГБТ қауымдастығына кіре бастағанын байқадық. ЛГБТ ресми қауымдастық болғанмен, оған жасөспірімдерді тартуға құқылары жоқ. Біз құқық қорғау органдарымен жұмыс істеуден бас тартқан ата-аналармен жұмыс істейміз. Біздің жобада тек қоғам белсенділері ғана жұмыс істейді. Мемлекет қоғам белсенділеріне арқасымен қарамауы керек, себебі мұндай үлкен мәселені қоғам белсенділері өз күштерімен ғана шеше алмайды», - дейді ол.