Қарағандылықтар ЛГБТ мүшелерін ғимараттан қуып шықты (ВИДЕО)

0
447

ЛГБТ қоғамдастығының өкілдері тренинг өткізу үшін Қарағандыға келген.


Қарағандылықтар ЛГБТ мүшелерін ғимараттан қуып шықты (ВИДЕО)

Қарағандыда жиналыс өткізбек болған ЛГБТ өкілдерін жергілікті жұрт айқай-шумен қуып шықты. Алайда, полицияның араласуымен қақтығысқа жол берілген жоқ деп хабарлайды ERNUR.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

ЛГБТ белсенділері Қарағандыға 28 шілде күні келіп, жергілікті жақтастарымен жиын өткізбек болған көрінеді. Алайда, бұған наразылық танытқан жұрт жалға алынған ғимараттың алдына келіп, олардың кетуін талап етті.

Жағдайдың ушығуына жол бермеу үшін тәртіп сақшылары шеп құрып, ЛГБТ белсенділерін ғимараттан шығарып, қауіпсіз жерге шығарып салды. Қазіргі уақытта қозғалыс белсенділері Қарағанды облысынан кетіп қалды.