​Қарағандыда жедел жәрдем жүргізушісін ұрған ер адам іздестірілуде (видео)

0
709


​Қарағандыда жедел жәрдем жүргізушісін ұрған ер адам іздестірілуде (видео)

ERNUR.KZ. Қарағандыда жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жыққан ер адамды полицейлер іздестіріп жатыр, деп жазады Stan.kz.


Желіде ер адамның жедел жәрдем жүргізушісімен дөрекі сөйлесіп, кейін оны бірнеше рет ұрғаны түсірілген видео пайда болды. Кадрлардан ер адамның жедел жәрдем жүргізушісінің аулаға көлікті қойғанына көңілі толмайтынын айтқанын байқауға болады.


Жағдайға қатысты Қарағанды облыстық полиция департаменті түсініктеме берді.


"Полицейлер жедел жәрдем жүргізушісіне дене жарақатын келтірген қарағандылық тұрғынды анықтады. Оны ұстау бойынша қажетті шаралар жүргізілуде. Бұзақылық әрекетпен денсаулыққа қасақана зиян келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін Алматыда жедел жәрдем көлігін өткізбей қойған көлік жүргізушісі жауапқа тартылған болатын.