​Қарағандыда коронавируспен ауырып тұрған адамның қанына сұраныс артты

0
490

Қан тапсырғандарға 22 мың теңге сыйақы қарастырылған.


​Қарағандыда коронавируспен ауырып тұрған адамның қанына сұраныс артты

Қарағандыда коронавируспен ауырып тұрған адамның қанына сұраныс артты, деп хабарлайды ERNUR.KZ КТК арнасына сілтеме жасап.

Өйткені қан орталығы «қызыл» аймаққа жайғасқан облыстағы инфекциялық ауруханаларды антиденесі бар плазмамен қамтамасыз ете алмай жатыр.

Донорларға жақында короновирустан жазылып шыққандар мен ковидке қарсы вакцинаның екі компонентін салдырған адамдар жатады. Бірақ құрамында ковидке қарсы плазма құрылатын қанды кез келгенінен алуға болмайды екен. Әсіресе жүкті әйелдер мен созылмалы ауруы барлар донор бола алмайды. Ал дені сау, ағзасында антиденесі барлар қан тапсырар алдында үш күн бойы майлы тамақ пен ішімдіктен тартынғаны жөн дейді мамандар.

Қан тапсырғандарға 22 мың теңге сыйақы қарастырылған. Әр адамнан алынатын 600 милилитр қан үш науқасқа жәрдем береді. Қазір өңірде 1300 адам ем алып жатса, 56 науқастың жағдай ауыр.

"Бізге барлық топтағы қан керек. Әсіресе қарсы резус факторлы ер адамның қаны тапшы. Жалпы ерлер мен әйелдердің қаны қабылдана береді. Әйелдің жүкті немесе босанғанда анамезі болмаса болды. Сонымен қатар созылмалы аурулары барлардан қан алынбайды", - дейді Қарағанды облысы қан орталығының бөлім меңгерушісі, Оксана Чернышева.