Қарағандыда әлеуметтік орталықта жаппай уланған балалар ауруханадан шықты

0
656

Қарағандыда балаларға әлеуметтік қызмет көрсету орталығында уланған жасөспірімдердің соңғы екеуі ауруханадан шықты.


Қарағандыда әлеуметтік орталықта жаппай уланған балалар ауруханадан шықты

ERNUR.KZ. Олардың жағдайы айтарлықтай жақсарды. Дегенмен дәрігердің бақылауында болады.Осылайша жаппай уланған 14 баланың 12-сі аман-есен орталыққа қайтты, деп жазады zakon.kz.

Қазіргі таңда мекемеге қатысты комиссия тексерісі аяқталды. Санитарлық-эпидемиолог мамандар бірнеше олқылықтарды анықтаған.

Мәселен мұндағы асханадан жәндіктерді тапқан. Бұған қоса ауыз су жуынатын бөлмеде тұрған. Бұл гигиеналық талапқа қайшы,-дейді мамандар.

Еске салсақ , 30-ы шілде күні Қарағандыдағы балаларға әлеуметтік қызмет көрсету орталығында 14 бала белгісіз себеппен уланып, салдарынан 2-уі көз жұмған еді.