Қарағандыда ағашты құстардың ұясымен бірге кесіп тастаған (видео)

0
656

Қарағандыда ағашты балапаны болған құс ұясымен бірге кесіп тастаған.


 Қарағандыда ағашты құстардың ұясымен бірге кесіп тастаған (видео)

ERNUR.KZ. Әлеуметтік желіде тараған видеодан бірнеше құстың жерде жатқанын көруге болады, деп жазады Stan.kz.

Мамандар ағаштың жоғарғы бөліктерін кесіп тастаған. Алайда тұрғындар ағашта құстардың ұясы болғанын айтады.

"Сіздер мұны үлкен ағаштың бұталары дейтін шығарсыздар. Бірақ кесілген бұталардың жанында бірнеше құс жатыр", – делінген жазбада.

Видео желі қолданушылары арасында қызу талқыға түсті. Олар мамандардың бұл әрекетін "жауыздық" деп бағалап, құзырлы органдарды шара қабылдауға шақырды.