Қарағанды облысында жүргізушінің жүксалғышынан қалыңдығы табылды

0
596

35 жастағы қалыңдық жүксалғышқа жасырынған.


Қарағанды облысында жүргізушінің жүксалғышынан қалыңдығы табылды

ERNUR.KZ. Қарағанды облысында жүргізушінің жүксалғышынан қалыңдығы табылды, деп жазады tengrinews.kz.

Мұстафин атындағы ауылдың Бұқар Жырау ауданы ПБ полицейлері блокбекетте қызметін атқарып жүргенде, сағат шамамен 23.30-да Audi автокөлігін тоқтатқан. Тексеріс кезінде полицейлер көліктің жүк бөлігінде 35 жастағы әйелдің жасырынғанын анықтаған.

Жүргізушінің айтуынша, келіншек оның үйленгелі жүрген қалыңдығы екен.

Құқық бұзушыларға қатысты ҚР ӘҚБК 476-бабы 1-бөлігі (төтенше жағдай режимін бұзу) бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Олардың әрқайсы мамандандырылған әкімшілік соттың шешімімен 27 мың 780 теңге көлемінде айыппұл төлеуі тиіс.