Қарағанды ​​облысында ер адам бірнеше әйелге үйленген

0
1 112

Ол ЖИТС инфекциясын әдейі жұқтырған.


Қарағанды ​​облысында ер адам бірнеше әйелге үйленген

ERNUR.KZ. Қарағанды облысында ер адам бірнеше әйелге үйленіп, ЖИТС (ВИЧ) инфекциясын әдейі жұқтырған. Тіпті олардың бірі жүкті болып қалған. Деректерге сай ер адамның заңды үйленген жұбайынан да бұл ауру анықталды, деп жазады stan.kz.

Деректерге сай ер адам әйелдермен жыныстық қатынасқа түсіп қана қоймай, олардың әрқайсысымен үйленген. Ең сорақысы ол өзінің ЖИТС инфекциясымен тіркеуде тұрғанын бірінші әйеліне де, екіншісіне де айтпаған.

Жүкті болып қалған әйелдерінің бірі бар шындықты емханаға тіркелгеннен кейін білген. Емханадағы міндетті тексеріс кезінде ол өзінің ЖИТС-ке шалдыққан біліп, есеңгіреп қалған.

“Әйел емханада қатты жылап, бұл инфекцияны қалай жұқтырғанын түсінбеді. Психологтар оны тыныштандырды. Емханаға ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының мамандары мен полиция қызметкерлері келді. Әйел күйеуінен басқа серіктесі жоқ екенін айтты”

Полиция күйеуін ұстады. Оның бұрын үйленгені де анықталды. Полицейлер бірінші әйелін тауып, оны сынақтан өтуге көндірді. Нәтижесінде оның да жұқтырғанын анықтады. Қазір ер адам қамауға алынып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық іс сотқа жіберілді.

Ал жүкті әйел қазір дәрі-дәрмек ішіп бар шараны қолдануда. Дәрігерлер сәбидің дені сау туатынына үміт бар екенін айтады. Анасы қазір жүктіліктің сегізінші айында.