Қаңтардағы тәртіпсіздіктер: Таразда ұрлық жасады деген бес адам ұсталды

0
754

Олар ұялы телефондар мен смарт сағаттарды ұрлаған.


Қаңтардағы тәртіпсіздіктер: Таразда ұрлық жасады деген бес адам ұсталды

ERNUR.KZ. Таразда ұрлық жасады деген тағы бес тонаушы ұсталды, деп жазады Tengrinews.kz.

6 қаңтарға қараған түні жаппай тәртіпсіздіктер кезінде қаладағы шағын аудандардың бірінде ұялы телефон дүкеніне белгісіз біреулер кіріп, жалпы сомасы 188,5 мың теңгенің мүлкін алып кеткен. Олар ұялы телефондар мен смарт сағаттарды ұрлаған.



Жедел іздестіру шаралары барысында полицейлер бес адамнан тұратын топты ұстаған.

"Дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігі бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қылмыскерлерді екі жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру не шектеу жазасы қарастырылады", - делінген хабарламада.