Қаңтар оқиғасы: Алматыда ұрланған қарулар Тараздан табылды

0
558

Қару жасырылған орынды Жамбыл облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері тапты.


Қаңтар оқиғасы: Алматыда ұрланған қарулар Тараздан табылды

ERNUR.KZ. Бұл туралы ІІМ баспасөз қызметі мәлім етті, деп жазады ulysmedia.kz.

Қару жасырылған орынды Жамбыл облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері тапты. Тараз қаласының Арай иінінде 2022 жылғы қаңтарда Алматы қаласындағы қару-жарақ дүкенінен ұрланған 308 Win калибрлі Benelli Argo-E карабин мылтығы және патронымен бірге 9 мм калибрлі SM Action газ тапаншасы табылып, тәркіленді.

– Аталған дерекке қатысты сот-баллистикалық сараптамасы тағайындалды. ҚР ҚК-нің 287-бабының 3-бөлігі (Қаруды, оқ-дәрілерді жарылғыш заттар мен құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында біздің қызметкерлер қару-жарақтарды анықтауды және оларды залалсыздандыруды жалғастырып жатыр, – деді ПД ЕҚҚІБ бастығы Әлім Бажықбаев.