Қаламгер Рахымжан Отарбаев қайтыс болды

0
2 527

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Шыңғыс Айтматов атындағы Халықаралық сыйлықтың лауреаты, Махамбет Өтемісұлы атындағы сыйлықтың иегері, жазушы, драматург Рахымжан Отарбаев қайтыс болды. Бұл туралы ақын Бауыржан Қарағызұлы Facebook-тегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі.


Қаламгер Рахымжан Отарбаев қайтыс болды

фото: baq.kz

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Шыңғыс Айтматов атындағы Халықаралық сыйлықтың лауреаты, Махамбет Өтемісұлы атындағы сыйлықтың иегері, жазушы, драматург Рахымжан Отарбаев қайтыс болды. Бұл туралы ақын Бауыржан Қарағызұлы Facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі.

Жазушының әр жылдары «Шер», «Жұлдыздар құлаған жер», «Жайық жыры», «Қараша қаздар қайтқанда», «Дауысыңды естідім», «Отверженный мир» атты прозалық жинақтары және таңдамалы шығармаларының 2 томдығы жарық көрген. Қытайдың «Ұлттар» баспасынан қытай, қазақ тілінде 2 томдығы, Ресейдің «Художественная литература» баспасынан орыс тілінде бір томдығы және қырғыз тілінде кітаптары жарық көрген. Жекелеген шығармалары түрік, араб, ағылшын тіл-дерінде басылған. «Бейбарыс сұлтан», «Бас», «Нашақор жайлы новелла», «Нүржауған-ғұмыр», «Сырым батыр», «Мұстафа Шоқай» сынды пьесалары республикалық және шетел театрларында сахналанған.