Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімі ұзарды

0
717

Қайрат Құдайберген 22 сәуірде ұсталған болатын.


Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімі ұзарды

ERNUR.KZ. Алматы қалалық соты Алматы қаласы мәслихатының депутаты, белгілі кәсіпкер Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімін тағы ұзартты, деп жазады Tengrinews.kz.

"17 маусымда Алматы қалалық тергеу сотының қаулысымен күдіктіні қамауда ұстау мерзімін үш айға дейін ұзарту туралы өтінішхат қанағаттандырылды", - деді соттың баспасөз қызметі.

Еске салайық, Қайрат Құдайберген 22 сәуірде ұсталған болатын. Артынша, прокуратура алматылық мәслихат депутаты Алматыдағы қаңтар оқиғасы кезінде жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырды және оған қатысты деген күдікке ілінгенін растады.