iPhone қазақстандықтарға жер сілкінісі туралы неге ескертпегені белгілі болды

0
635

Сонымен қатар, ол Google, Apple және Microsoft сияқты технологиялық компаниялармен диалог қажет екенін атап өтті.


iPhone қазақстандықтарға жер сілкінісі туралы неге ескертпегені белгілі болды

ERNUR.KZ. Қырғызстан премьер-министрінің бірінші орынбасары Адылбек Қасымалиев Digital Almaty халықаралық цифрлық форумы отырысында Apple смартфоны қолданушылары Қазақстан мен Қырғызстан тұрғындары сезген жер сілкінісі туралы неге хабарлама алмағанын түсіндірді, деп жазады tengrinews.kz.

Адылбек Қасымалиевтің айтуынша, Apple біздің елдерді апаттар туралы ескертулер қолжетімді тізімге қоспаған.

"Бір қызығы, Android смартфондарына жер сілкінісі туралы хабарлама жер сілкінісінен бір минут бұрын келген. Қайғылы жағдай басқа елдердегідей қайталанбағанына Құдайға шүкір. Хабарландыру iPhone-ға неге келмеді? Біз анықтап көрдік. Apple компаниясы біздің елдерді апат туралы ескерту қызметі қолжетімді елдер тізіміне қоспағаны белгілі болды. Қарапайым функция болып көрінгенімен, адамдардың өмірін сақтап қалуы мүмкін", - деді Қырғызстан премьер-министрінің бірінші орынбасары.

Сонымен қатар, ол Google, Apple және Microsoft сияқты технологиялық компаниялармен диалог қажет екенін атап өтті.

"Технологиялық компаниялар ортақ игіліктер үшін жұмыс істейтін мемлекеттер және үкіметтермен серіктес болуы керек", - деп есептейді ол.