Instagram жұмысынан ақау шықты

0
638

Ақау туралы алғашқы хабарламалар Нұр-Сұлтан уақытымен 14.33-тен кейін пайда болды.


Instagram жұмысынан ақау шықты

ERNUR.KZ. Бірқатар елдерде Instagram қолданушылары қызметтегі ақауға шағымданды, деп жазады Tengrinews.kz.

Әлеуметтік желідегі ақау туралы АҚШ, Канада, Германия, Нидерланды, Ұлыбритания, Италия, Франция, Ресей және басқа да елдердің пайдаланушылары хабарлады.

Ақау туралы алғашқы хабарламалар Нұр-Сұлтан уақытымен 14.33-тен кейін пайда болды.

Хабарламалардың көпшілігі қосымшаның жұмысына (55 пайыз), серверге қосылу проблемаларына (22 пайыз), жаңалықтар таспасының дисплейіне және веб-сайттың жұмысына (22 пайыз) қатысты.