ІІМ бала көтерген ер адамды ұрған Бейбіт Шүменовке қатысты пікір білдірді

0
960

Бұзалық дерегі бойынша қылмысты іс қозғалған.


ІІМ бала көтерген ер адамды ұрған Бейбіт Шүменовке қатысты пікір білдірді

ERNUR.KZ. Ішкі істер вице-министрі Қайрат Сүнтаев кеше елордадағы сауда орталықтарының бірінде төбелескен боксшы Бейбіт Шүменовке қатысты пікір білдірді, деп жазады baq.kz.

Иә, оның (боксшы Бейбіт Шүменов – ред.) екенін растаймыз. Қазір жұмыс істеп жатырмыз. Бұзалық дерегі бойынша қылмысты іс қозғалды. Қылмыс ауыр емес. Сараптама көрсетеді, оның нәтижесін күтейік, - деп атап өтті вице-министр Үкіметтің кулуарында тілшілерге берген сұхбатында.

Айтуынша, спортшы ұзақ уақыт бокспен шұғылданбаған.

Ол ұзақ уақыт бокспен шұғылданбады. Сараптама нәтижесін күтейік. Ал оның әрекетінен қылмыс ізін көрмеген учаскелік полицейге қатысты қызметтік тексеру жүріп жатыр. Ол қатаң жазаланады. Жақында министр бұл мәселені көтерді, ол жазаланады, - деді Қайрат Сүнтаев.

Сондай-ақ ол төбелесте видеоға түсіп қалған кішкентай баланың жағдайы туралы айтты.

Жоқ, бала зардап шекпеген. Бірақ жәбірленуші қылмыстық жауапкершілікке тартуды талап етіп отыр. Шүменов сау болған (ішімдік ішпеген – ред.), - деді ведомство басшысының орынбасары.