Грозныйдағы Н.Назарбаев атындағы лицейде Қазақстанға арналған мұражай ашылмақ

0
1 605

Грозный қаласындағы ең ұзын көшелердің бірі Нұрсұлтан Назарбаевтің есімімен аталған


Грозныйдағы Н.Назарбаев атындағы лицейде Қазақстанға арналған мұражай ашылмақ

ERNUR.KZ. Нұрсұлтан Назарбаев халыққа Жолдауында Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынасты мемлекетаралық байланыстың үлгісі деп атаған.

Ал Ресейдің кейбір аймақтарымен ағайындық қарым-қатынас қалыптасқан. Осындай аймақтың бірі – Шешенстан. Грозный қаласындағы ең ұзын көшелердің бірі Нұрсұлтан Назарбаевтің есімімен аталған. Мұнда Елбасының Қазақстан мен Шешенстан арасында мәдени және экономикалық қатынастардың дамуына қосқан үлесін айрықша бағалайды.

Бүгінде Грозный зәулім ғимараттары мен әсем мешіттерімен танымал. Алайда екі жойқын соғыстан кейін бұл шаһардың тас-талқаны шыққан болатын. Сол кезде алғашқылардың бірі болып бауырлас Қазақстан көмекке қол ұшын созған еді. Мына ғимаратты жергілікті тұрғындар қазақ үй деп атайды. Ол Қазақстан үкіметі бөлген қаражатқа салынған. Үйінділер арасынан тұңғыш бой көтерген осы тұрғын үй халықтың бейбіт өмірге сенімін нығайтқан еді.

Зелимхан Дудаев, Шешенстанның халық әртісі: - Төбесі киіз үй кейпінде жасалды. Осы бесқабатты үйді Назарбаев жарлығымен салған. Игі істерді біз ұмытпаймыз. Халқымыз арамыздағы достыққа риза. 2010 жылы Қазақстан мен Шешенстан арасындағы достықтың нығаюына қосқан үлесі үшін №1 лицейге Нұрсұлтан Назарбаевтің есімі берілген. Бұл – республикадағы ең үздік мектептердің бірі.

Фатима Солтаханова, №1 лицей директоры: - Білім ордамызға Назарбаев есімін берудің себебі көп. Үнемі сынып сағаттары мен түрлі шараларды өткізіп, Назарбаев, Қазақстан туралы әңгімелейміз, осындай дәстүріміз қалыптасты. Халықтар фестивалінде ылғи Қазақстанды көрсетіп жүрміз. Қыздар мен балаларымыз қазақ киімін киіп, қазақ тілінде өлең айтады, қазақ астарын да дайындаймыз. Тіпті қазақ еліне арналған мұражай ашу жоспарымызда бар.

Грозныйда Қазақстанмен достығын еске салатын өзге де жерлер бар. Соғыстан кейін еліміз республикаға жаңа өмір бастауға көмектен аянған жоқ.