Ғалымжан Елеуов Мәжілістегі өкілеттігін тоқтатуға өзі өтініш берген

0
399

Жалпы отырыста палата депутаттары аталған ұсынымға дауыс беріп, Ғалымжан Елеуовтің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылдады.


Ғалымжан Елеуов Мәжілістегі өкілеттігін тоқтатуға өзі өтініш берген

ERNUR.KZ. Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутат Ғалымжан Елеуовтің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды, деп жазады ҚазАқпарат.

«Парламент Мәжілісінің депутаты Ғалымжан Алмасбекұлы Елеуов міндеттерін атқарудан өз еркімен босату туралы өтініш берді. Осыған орай Орталық сайлау комиссиясы сіздердің назарларыңызға Конституцияның 52-бабына, «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық Заңның 24-бабы 3 және 8-тармақтарына сәйкес, Мәжіліс депутаты Ғ Елеуовтің өтініш беруіне байланысты оның өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы мәселені шешу үшін ұсыным енгізіп отыр», - деді Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман.

Жалпы отырыста палата депутаттары аталған ұсынымға дауыс беріп, Ғалымжан Елеуовтің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылдады.

Бұдан бұрын хабарланғандай, ҚР Орталық сайлау комиссиясы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ғ.А. Елеуовтің өкілеттігін тоқтату туралы қаулы шығарды.