Газа секторында 76 қазақстандық қалды – СІМ

0
518

СІМ ақпаратынша, қазақстандықтар белгілі бір себептерге байланысты елге ұшып шығуға дайын емес.


Газа секторында 76 қазақстандық қалды – СІМ

ERNUR.KZ. Газа секторында Қазақстанның 76 азаматы бар, деп жазады Sputnik Қазақстан.

"Біздің деректеріміз бойынша Газа секторында Қазақстанның 76 азаматы бар, отбасы мүшелерімен қоса санағанда 161 адам. Египет тарапынан да, Израиль тарапынан да шетелдіктердің отбасы мүшелерімен шығуына белгілі бір талаптар қойылады. Осыған байланысты біздің азаматтарымыз Қазақстанға жақындарын тастап ұшып шығуға дайын емес", - деді Смадияров апта сайынғы брифингте.
Айтуынша, Қазақстан өз отандастарын елге жеткізуге толығымен дайын.

"Азаматтарымыз Мысыр шекарасын кесіп өткеннен кейін арнайы борт Каир қаласына ұшып шығады", - деді СІМ өкілі.

Смадияровтың айтуынша, 4 қарашадан бастап Рафак пункті арқылы шетелдіктер мен жаралыларды эвакуациялау уақытша тоқтатылған.
Рафак – Египет пен Газа секторы шекарасындағы бақылау-өткізу пункті.
Мысыр және Израиль талаптарына сәйкес әр елге Рафах пункті арқылы шетелдіктерге өтуіне белгілі бір күн беріледі. Мұнда қазіргі өткізу қабілеті тәулігіне 500-ге жуық адам, сондай-ақ шамамен 45 елдің елшіліктері ұсынған тізімдегі адамдардың жалпы саны ескеріледі. Бұл шамамен 7 мың адам.