Ескендір Хасанғалиев пен жары жансақтау бөлімінде жатыр

0
1 333

Біржан Хасанғалиев ата-анасының коронавирус жұқтырғанын айтты.


Ескендір Хасанғалиев пен жары жансақтау бөлімінде жатыр

фото: ғаламтордағы ашықдереккөзден

ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, әнші, композитор Ескендір Хасанғалиев пен оның жары Дарико Хасанғалиева жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы композитордың ұлы Біржан Хасанғалиев instagram парақшасында жариялады.

"Соңғы уақытта қаншама қоңыраулар соғылып, ата-анамның емделу барысын біліп жатқандар өте көп. Үлкен рақмет сіздерге!
4-5 күн болды реанимацияда жатыр. Дәрігерлердің айтқан: «состояние стабильное, без ухудшения» - деген сөзі көп үміт және сенім береді", - деп жазды ол.


Әнші 10-шы сәуірде жариялаған жазбасында ата-анасының коронавирус жұқтырғанын хабарлаған.