Ертісте суға батқан жас жігітті бес күннен бері іздеп жатыр

0
760

Ер адам балық аулап тұрған кезде Ертіс жағасынан құлап, суға батып кеткен.


Ертісте суға батқан жас жігітті бес күннен бері іздеп жатыр

ERNUR.KZ. Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері, павлодарлық "VITA" іздестіру жасағының еріктілері, Ертіске батып кеткен азаматтың туыстары мен жақындары бес күннен бері марқұмның денесін іздестіріп жатыр, деп жазады sputnik.kz.

Облыстық ТЖД ақпаратынша, ол балық аулап жатқан кезде аяғы тайып, жағадан суға құлап кеткен. Хабар түскен сәттен бастап оқиға орнында жедел-құтқару жасағының сүңгуірлері жұмыс істеп жатыр.
Іздестіру жұмыстары кезінде сүңгуірлер оқиға орнынан 6 000 шаршы метрге жуық Ертіс өзенінің түбін зерттеді. Құрылымдық жаңғырық құрылғысы арқылы оқиға орнынан өзеннің төменгі ағысы бойынша, ұзындығы шамамен 20-25 шақырым сол және оң жағалау бойы сканерленді.
Қазір пассивті іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр – бұл су бетіне қалқып шыққан мәйітті іздеу. Жағалау бойына күнделікті шамамен 25-30 километр қашықтықта оң жағынан жоғары және сол жағынан төмен қарай визуалды шолу жүргізіледі. Суда өсіп тұрған ағаш бұтақтарына ерекше назар аударылады.
Павлодарлық "VITA" еріктілері Sputnik Қазақстанға хабарлағандай, қайғылы оқиға 5 қыркүйек күні сағат 14:00 шамасында болған. Екі дос балық аулап тұрған. Сол кезде олардың бірі – "Ертіс" футбол командасының бұрынғы ойыншысы және Қазақстан жағажай құрамасының ойыншысы, 1995 жылғы ер адам жағаға қатты жақын келіп, аяғы тайып, құлап кеткен. Оны ешкім құтқара алмаған.
Ер адамның мәйіті әлі табылған жоқ. Іздестіру жұмыстарына екі жүзу құралын мінген төрт құтқарушы, сондай-ақ Павлодар аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері, Павлодардағы "ВИТА" еріктілері, суға батқан адамның туыстары мен жақындары тартылды.
Құтқару қызметі барлық азаматтан су айдыны жанында қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрайды.