Ертіс маңына қоқыс тастаған кәсіпкер жазаланды

0
767

Ол үш күнде аумақты тазартуы керек.


Ертіс маңына қоқыс тастаған кәсіпкер жазаланды

ERNUR.KZ. Ерекше қорғалатын табиғи аумаққа төгілген қоқыс павлодарлықтардың мазасын келтірді. Бұл жағдайды облыс орталығының тұрғындарының бірі видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жариялады, деп жазады inbusiness.kz.

Кадрлардан Ертістің маңындағы ағаштардың арасында қоқыс қаптары, бөтелкелер мен пластиктің шашылып жатқаны байқалады. Видео авторының айтуынша, жағажай иесі қоқыстарды шығармайды.

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясы мамандары жер қатынастары бөлімінің өкілдерімен бірге аумақты тексерді.

"Құқық бұзушы Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 372-бабының төртінші бөлігі – "Орман жануарлар дүниесін жою немесе бүлдіру, сол сияқты орманды қалдықтармен, химиялық заттармен және басқалармен ластау немесе орман қоры жерлеріне зиян келтіру" бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Кәсіпкер шығынды өтеу үшін жауапкершілікке тартылды. Ол үш күн ішінде бұзушылықтарды жоюы керек", – деп хабарлады инспекция.