Ерлан Қошанов AMANAT партиясының төрағасы болып сайланды

0
470

Дауыс бергендер Мәжіліс спикерінің кандидатурасын бірауыздан қолдады.


Ерлан Қошанов AMANAT партиясының төрағасы болып сайланды

ERNUR.KZ. AMANAT партиясы XXIII Съезінің делегаттары ҚР Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошановты партия төрағасы етіп сайлау туралы ұсынысты бірауыздан қолдады, деп жазады Azattyq Rýhy.

AMANAT партиясының атқарушы хатшысы Асхат Оралов съез делегаттарына ҚР Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ерлан Қошановты партия төрағалығына сайлау туралы ұсынысына дауыс беруді ұсынды.

Дауыс бергендер Мәжіліс спикерінің кандидатурасын бірауыздан қолдады.

«Құрметті Ерлан Жақанұлы, сізді барлық делегаттар атынан AMANAT партиясының төрағасы болып сайлануыңызбен құттықтаймыз», - деді Асхат Оралов.

Айта кетсек, бүгін Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен AMANAT партиясының съезі өтіп жатыр.