Ерекше үй: Нұр-Сұлтанда «билеген» балконның суреттері пайда болды

0
1 017

«Нұр-Сұлтан» әкімдігінің қолдау қызметі жазбаға жауап берді.


Ерекше үй: Нұр-Сұлтанда «билеген» балконның суреттері пайда болды

ERNUR.KZ. Елордада Петрова көшесінің бойындағы «Орбита» ТК-нің "билеген" балконы көзге түсті, деп жазады Skifnews.kz.

Бұзылудың шақ алдында тұрған балконның суреттері әлеуметтік желі парақшаларында жарияланған.

«Мынадай үйде адам шығыны болуы әбден мүмкін. Астанадағы биік үйлердің бірінде балкон ортасынан қисайып, сығылудың аз-ақ алдында тұр. Қоңырау шалған көршінің сөзіне сүйенсек, үйді жалға алушының еденінде жарықтар пайда болған», - деп жазылған жазба астында.

Нұр-Сұлтан» әкімдігінің қолдау қызметі жазбаға жауап берді.

«Сіздің шағымыңыз iKomek әкімдігінің бірыңғай байланыс орталығында тіркелді», - дейді қолдау қызметі.