Енді алаяқтар банктердің «қара» тізіміне енеді

0
612

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі банктермен бірлесіп, жүйелерді алаяқтардың әрекетінен қорғауға бағытталған шаралар әзірледі.


Енді алаяқтар банктердің «қара» тізіміне енеді

ERNUR.KZ. Қаржы нарығындағы алаяқтықтан қашықтан зардап шеккен азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға арналған Меморандумға қол қойылды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Меморандумға сәйкес, Банктер қашықтықтан қызмет көрсетуге арналған мобильді қосымшаларда ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін мынадай шараларды іске асырады:

  • Клиентті мобильді қосымшада бастапқы тіркеу кезінде Клиентті биометриялық сәйкестендіру жүзеге асырылады;
  • банктердің мобильді қосымшасына кіру кодын (паролін) өзгерту Клиентті биометриялық сәйкестендіру арқылы жүзеге асырылады;
  • мобильді қосымшада ақшалай қаражатпен операциялар жүзеге асырылғанға дейін клиенттен рұқсаты болған кезде мобильді құрылғының геолокациялық деректерін банкке беру немесе беру жүзеге асырылады.

Сондай-ақ, алаяқтық операцияларды анықтау және болдырмау үшін банктер келесі функцияларды орындайтын антифрод қызметтерін қолданатыны атап өтілді:

  • күдікті операциялар туралы ақпаратты, оларды анықтау қағидаларын және алаяқтық белгілерін көрсететін деректерді сақтау;
  • аты-жөні, ЖСН, телефон нөмірлері және басқа да сәйкестендіру мәліметтері сияқты деректермен алаяқтардың "қара" тізімім жүргізу.
  • клиент туралы ақпаратты, олардың транзакцияларын және нақты жағдайларды талдай отырып, күдікті транзакцияларды тергеу.

Бұл бастама алаяқтықтардан қашықтан зардап шеккен азаматтардың құқығын қорғауға бағытталып отыр.