Елшілік Украинадағы қазақстандықтарға үн қатты

0
564

Азаматтар өзге ақпаратты Қазақстанның Украинадағы елшілігі сайтында, әлеуметтік желілерінде және мессенджерлерінде қадағалай алады.


Елшілік Украинадағы қазақстандықтарға үн қатты

ERNUR.KZ. Елшілік төтенше жағдай кезінде көмек көрсету үшін Украинадағы қазақстандықтардан консулдық есепке тұруды сұрады, деп жазады Tengrinews.kz.

"Консулдық есепке өздері келмей-ақ, Қазақстан елшілігі сайтында орналасқан есепке алу парағын толтырып және төлқұжаттың көшірмесімен бірге consul.kiev@mfa.kz электронды поштасына жіберіп, тұруға болады", - делінген хабарламада.

Азаматтар өзге ақпаратты Қазақстанның Украинадағы елшілігі сайтында, әлеуметтік желілерінде және мессенджерлерінде қадағалай алады.

Елшіліктің байланыс нөмерлері: +38 (044) 483-15-96; +38 (067) 347-04-08 (шұғыл қоңыраулар үшін).