Елорданың сауда орталықтары енді демалыс күні де жұмыс істейді

0
817

Шаһардың Бас санитарлық дәрігері Жанна Пралиеваның жаңа қаулысы ертеңнен бастап күшіне енеді.


Елорданың сауда орталықтары енді демалыс күні де жұмыс істейді

ERNUR.KZ. Елорданың сауда орталықтары енді сенбі күні де жұмыс істейді. Аталмыш нысандар бұл күні таңғы 10-нан кешкі 8-ге дейін ашық болады. Ал дүйсенбі мен жұма аралығындағы жұмыс уақыты 23.00-ге дейін ұзартылды, деп хабарлайды Atameken Business.

Шаһардың Бас санитарлық дәрігері Жанна Пралиеваның жаңа қаулысы ертеңнен бастап күшіне енеді. Құжатқа сәйкес, санитарлық талаптарды сақтай отырып, сауда нүктелерінің толтырылуы 30 пайыздан аспауға тиіс. Дәлірек айтқанда, бір келушіге 4 шаршы метр аумақтан болуы шарт.