Елордада Жаңа жыл түнінде 20-дан астам нәресте дүниеге келді

0
1 150

Өмірге келген сәбилердің екеуі егіз.


Елордада Жаңа жыл түнінде 20-дан астам нәресте дүниеге келді

ERNUR.KZ. Астанада желтоқсанның 31-нен қаңтардың 1-не қараған түні 23 нәресте дүние есігін ашты. Оның ішінде 9 - қыз, 14- ұл, деп жазады Azattyq Ruhy.

Қала басшылығы атынан қуанышпен құттықтау үшін көпбейінді ауруханаларға әкім орынбасары Ерлан Бекмурзаев пен Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысы Тимур Мұратов барды.

«Жаңа жылда жаңа өмір сыйлап, қос қуанышқа ие болдыңыздар! Балапандардың денсаулығы мықты болып, ел игілігіне қызмет ететін үлкен азамат болып өссін», - деп тілек білдірді басқарма басшысы.
Әкімдік өкілдері аналарды Жаңа жылмен құттықтап, қала әкімі Жеңіс Қасымбектің Алғыс хатын, арнайы гүл шоқтары мен естелік сыйлықтарды табыстады.
Өз кезегінде аналар алғыстарын жеткізді. Солардың бірі Жансая есімді қала тұрғыны Жаңа жыл түні бесінші сәбиін дүниеге әкелген.
«Ұлымызға Әлинұр есімін бердік. Құттықтап жатқан барша жанға алғысым шексіз. Әсіресе бар жағдайды жасаған аурухана басшылығына рақмет айтамын. Ерекше қуанышты күйде тұрмын», - деді ол.