Елімізде жастар арасында некеге тұру саны азайған

0
613

Отбасын құруға асықпайтын жастардың дені Алматы, Қарағанды, ШҚО-да тұрады.


Елімізде жастар арасында некеге тұру саны азайған

ERNUR.KZ. Елімізде жастар арасында некеге тұру саны кейінгі 10 жылда 164 мыңнан 128 мыңға дейін азайған. Бұл - Ұлттық статистика бюросының дерегі. Жастар қазір үйленуге асықпайды. Оң-солын танып, отбасын құруды жөн көретін болған, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Ресми дерекке сәйкес, отбасын құруға асықпайтын жастардың дені Алматы, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында тұратын көрінеді.

«2023 жылдың нақты қаңтар-маусым айларында республика бойынша 53 835 неке қиылды. Оның 64 пайызы қалада, 36 пайызы ауылдарға тиесілі. Ерлер мен әйелдердің алғашқы некеге тұру жасының ұлғаю қарқыны байқалады. Мысалы соңғы 5 жылда ерлер 27-6 жастан 28 жасқа ұлғайды. Әйелдер үшін 25тен 25,2 ге ұлғайды», - дейді ҚР Ұлттық статистика бюросының сарапшысы Бибігүл Мирасбек.

Жастардың шаңырақ көтеруге асықпауының түрлі себептері бар. Бірі мақсаттарын еңсеруді бірінші кезекке қоса, енді бірі жауапкершілікті мойнына алудан қашады.

Жас ұлғая шаңырақ көтеруді медицина мамандары да қолдамайды. Дәрігерлер бала сүю үшін ең қолайлы жас 18 бен 25 деп отыр.

«Ер азамат пен әйел азаматша да жастары 27-30 дан асқан болса, ер азаматта ұрықтың сапасы нашар болатын болса, әйел адамда овериалды резерв төмен болатын болса, қосарланған белеулік болуы мүмкін. Кеш үйленген ер азаматтың 10-ының үшеуі бедеулікпен келуі мүмкін», - дейді уролог-дәрігер Азамат Сандыбайұлы.