Елімізде жаңа бес министрлік құрылды

0
841

Олардың бірі - Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі.


Елімізде жаңа бес министрлік құрылды

Мемлекет басшысының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығымен бірнеше министрлік құрылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

▪️Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі;
▪️Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі;
▪️Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі;
▪️Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі;
▪️Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі құрылды.