Елімізде мемлекет тегін беретін жерлерді үйлестіру ережелері өзгерді

0
652

Үй салу үшін берілетін жерлер су құбыры немесе электр желісі тартылған аумақтардан ғана ұсынылады.


Елімізде мемлекет тегін беретін жерлерді үйлестіру ережелері өзгерді

ERNUR.KZ. Қазақстанда тегін берілетін он сотық жер учаскелерін үлестіру ережелері өзгерді, деп жазады stan.kz.

Үй салу үшін берілетін жерлер су құбыры немесе электр желісі тартылған аумақтардан ғана ұсынылады. Осы екі инфрақұрылымның бірі болуға міндетті.

Бұған дейін мұндай талап болмаған. Тек инженерлік желілерге қосылуға қажет техникалық шарттарды алуға арналған сауалнама парақтары берілетін. Әрі барлық рәсім электрондық форматқа ауыстырылған.

Бірыңғай мемлекеттік жылжымайтын мүлік кадастры мен "Жеке тұлғалар" дерекқоры біріктірілген. Көпшілікке бұл ыңғайлы. Өйткені уақыт үнемдей алады. Бастысы бәрі ашық. Енді әкімдіктер үлестірілетін жерлерде атқарылған жұмыстар мен кезек тізімдері туралы ақпаратты тоқсан сайын жариялап тұруға тиіс.

Жаңа ереже 4 қараша күні күшіне енеді.