Елімізде дауыс беру басталғаннан бері заңсыздықтар туралы 25 өтініш түскен

0
1 037

7 өңірдің жергілікті прокуратурасына адамдар тікелей жүгінген.


Елімізде дауыс беру басталғаннан бері заңсыздықтар туралы 25 өтініш түскен

ERNUR.KZ. Бас прокуратура өкілі Азамат Сарғазин онлайн телемарафонда сайлау процесі басталғаннан берін 25 өтініш келіп түскенін мәлім етті, деп жазады Stan.kz

"Дауыс беру рәсімі басталғаннан бері прокуратура органдарына ықтимал заңбұзушылықтар туралы 25 өтініш келіп түсті. Оның бесеуі Бас прокуратураға келді. Олар тексеру жұмыстарын жүргізу үшін жергілікті прокурорларға жолданды. Себебі өтініштерде орын алуы мүмкін заңбұзушылықтар, нақтырақ айтсақ, тыйым салынған кезде сайлау алдындағы үгітті жүргізгендігі мүмкін екені жөнінде айтылған", - деді ол.

Сондай-ақ, ол 7 өңірдің жергілікті прокуратурасына адамдар тікелей жүгінгенін атады.

"Сондықтан тексеру жүргізу жергілікті прокурорларға жолданды. Сондай-ақ, азаматтар бүгін тікелей келесі аумақтық прокуратураларға да жүгініп отыр. Ол – Астана қаласында төртеу, Алматыда бір, Шымкент қаласында үш, Шығыс Қазақстан облысыда бес, Түркістан облысында төрт, Қарағанды, Палводар, Солтүстік Қазақстан облыстарында бір-бірден. Олардың бәрі қазір қаралу сатысында", - деді Азамат Сарғазин.