Елімізде 62 мыңнан астам адам вирустық гепатитке шалдыққан - дәрігер

0
368

Соңғы бес айда гепатитпен ауыратындар саны едәуір азайған.


Елімізде 62 мыңнан астам адам вирустық гепатитке шалдыққан - дәрігер

ERNUR.KZ. Бұл туралы ДСМ бас штаттан тыс гастроэнтеролог-гепатолог дәрігері Күлпаш Қалиасқарова еліміздің гепатологтары мен гастроэнтерологтарының VI Ұлттық конгресінен соң берген сұхбатында мәлімдеді, деп жазады baq.kz.

Айтуынша, соңғы бес айда гепатитпен ауыратындар саны едәуір азайған.

Министрлікке қарасты Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығы таратқан мәлімет бойынша, биыл бес ай ішінде гепатитке шалдыққандар саны едәуір азайған. «Диспансерлік науқастардың электрондық тізілімі» ақпараттық жүйесіне сәйкес, 2023 жылғы 31 мамырдағы есепке сай 62 336 науқас созылмалы вирустық гепатитпен есепте тұр. Оның ішінде, 26 948-і – ер адам, 34 380-і – әйел адам және 1008-і – балалар, - деп атап өтті ведомствоның штаттан тыс гастроэнтеролог-гепатолог дәрігері.

Сонымен қатар Ұлттық ғылыми онкология орталығының профессоры Қазақстан бауыр дертімен күресте елеулі үлес қосып отырғанын алға тартты.

Елдегі барлық пациент тегін амбулаториялық дәрілік қамтамасыз ету аясында вирусқа қарсы препараттармен қамтамасыз етілген. «ДДСҰ-ның 2030 жылға қарай вирустық гепатитті жою бойынша жаһандық бағдарламасын» іске асыру барысында Астана қаласында В және С гепатиттеріне скринингтен өткізудің пилоттық жобасы қолға алынды. 18 жастан асқан 10 мың адам тексерістен өткізілді, - деді Күлпәш Қалиасқарова.