Елімізде 20 күннің ішінде 27 мыңға жуық шетелдік көлік заңдастырылды

0
404

​Көліктер қосалқы бөлшектер ретінде әкелініп, қазақстандықтарға сатылған.


Елімізде 20 күннің ішінде 27 мыңға жуық шетелдік көлік заңдастырылды

Қазақстанда 20 күннің ішінде 27 мыңға жуық шетелдік көлік заңдастырылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Тағы 65 мыңнан астам автокөлік алдын ала тексеруден өтіп, нөмірлік агрегаттарды салыстыруға және одан әрі тіркеуге жіберілді.
"ІІМ автокөліктерді заңдастыру процесінде туындайтын проблемалық мәселелерді шешу үшін талдау жүргізіп жатыр", - делінген хабарламада.
Атап айтқанда, заңдастыру процесінде көбіне басқару органдары оң жақта орналасқан автокөліктер анықталды, олар ел аумағына қосалқы бөлшектер түрінде әкелініп, кейіннен Қазақстан азаматтарына сатылған.
Аталған көліктер бойынша ішкі істер министрлігі мемлекеттік органдармен бірлесіп, оларды Қазақстан Республикасында бастапқы тіркеудің құқықтық тетіктерін әзірледі. Қазір заңмен ресімдеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.