Екібастұзда су астынан балық аулаған ер адам табылмай жатыр

0
319

Қайғылы оқиға Ащыкөл көлінде болды.


Екібастұзда су астынан балық аулаған ер адам табылмай жатыр

ERNUR.KZ. Екібастұзда су астынан балық аулаған ер адам табылмай жатыр, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«Екібастұз қаласында екі балықшы су астында балық аулаған. Олардың бірі - 1959 жылы туған ер адам кезекті рет суға жүкпен кіргеннен кейін қайтадан жүзіп шықпаған», - дейді еріктілер.

Қайғылы оқиға Ащыкөл көлінде болды.

Кешеден бері басталған іздеу жұмыстары әлі жалғасып жатыр. Іздеу шараларына «VITA» еріктілері мен жоғалған азаматтың туыстары, төтенше жағдайлар департаменті мен полиция қызметкерлері қатысып жатыр.