Екібастұзда өрт сөндірушілер жанып жатқан үйден 7 жасар баланы құтқарды

0
568

Ата-анасы баланы қараусыз қалдырған.


Екібастұзда өрт сөндірушілер жанып жатқан үйден 7 жасар баланы құтқарды

ERNUR.KZ. Екібастұзда 8 желтоқсан күні көпқабатты үй өртеніп, өрт сөндірушілер 5 адамды құтқарды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Оқиға М.Жүсіп көшесіндегі үйлердің бірінде болған. Бес қабатты ғимараттың балконы мен жатын бөлмедегі жиһаз өртеніпті. Оқиға орнына 5 минутта жеткен құтқарушылар 5 адамды қауіпсіз жерге шығарды.

«Өрт болған пәтердің дәл үстінде орналасқан бесінші қабаттағы пәтерде 7 жасар баланың жалғыз қалып қойғаны жайлы өрт сөндірушілерге хабарлап айтты. Баланың анасы есікті кілтпен ашып, аға өрт сөндіруші Кузнецов Ефим 2014 жылы туған ер баланы түтінденген пәтерден далаға көтеріп алып шықты. Баланы дәрігерлер қарап шығып, дәрігерлік көмектің қажет еместігіне көз жеткізді», - делінген аталған хабарламада.

Өрттің шығыны мен себебі анықталуда.

Павлодар обысы ТЖД азаматтардан кәмелетке толмаған кішкентай балаларды жалғыз қалдырмауларын және тұрмыста қарапайым өрт қауіпсіздігін сақтауды сұрайды.